wellemo
top menu
wellemo logo wellemo
Hauptseite / das Quiz bestehen

оқу сауаттылығы

10 Fragen, 23 Durchläufe

Оқу сауаттылығы 1-мәтін Баяғыда өз империясын гүлдендірген, жарқын жеңістерімен тарихта өшпес із қалдырған, өте батыр, өте ақылды және өте керемет жетілген саясаткер патша болыпты. Ол бала кезінде тым ерке болса керек. Сабақ кезіндегі еркелігімен ұстазын шаршатып жіберетін. Ұрысқан жағдайда: «Мен патшаның баласымын, маған ештеңе істей алмайсың»,- деп қорқытатын. Ұстаз патшаға шағымдану әдепсіздік болар деп біраз уақыт сабыр сақтап жүреді. Алайда еркелігі тым шектен шыға бастағанда, амалсыз әкесінің алдына кіруді ұйғарады. Патшаға келіп жағдайды айтқанында, ол ұтаздык құлағына бұл жағдайдың шешімін сыбырлайды. Ұстаз патша сөзіне таң қалады. Мұндай әрекетке бара алмайтындығын айтса да, патша осы жоспарды орындау керектігіне сендіреді. Ертеңіне кішкентай ханзада тағы бұрынғыша еркелейді. Ұстазы доғаруын айтқанында тағы да әкесімен қорқыта бастады. Сол сәтте ішке патша кіріп келеді. Ұстаз ашуланып патшаға ұрсып береді, бұлай жайбарақат кіруге болмайтындығын, есікті қағып рұқсат сұрап кіру керектігін айтып қуып шығады. Патша басы салбыраған күйде кешірім сұрап шығып кетеді. Бұл жағдайды бақылап отырған ханзаданың тілі тұтылып не айтарын білмей абдырап қалады. Сеніп отырған әкесі көз алдында ұрыс естіген еді. Көздері адақ-жұлақ етіп отырғанында, есік қағылып патша кешірім өтініп, рұқсат сұрап ішке кіреді. Жоспар керемет түрде жүзеге асқан еді. Осы күннен бастап ханзада еркелігін доғарып, ұстазының айтқанын екі етпейтін болыпты.

Fragen


Frage 1

1. Ұстаз бен патшаның мақсаты не еді?

Frage 2

2.Мәтіндегі негізгі ойға қай мақал сәйкес келеді?

Frage 3

3.Мәтіннің стилі қандай?

Frage 4

4.Әкесінің әрекетінен бала нені түсінді?

Frage 5

5. Патша баласы қандай еді?

Frage 6

6.Патшаның кұлағына сыбырлай айтқан сөзіне ұстаздың таңғалу себебі

Frage 7

Бал арасы Қалың орманды аралап келе жатқан аю бал арасына кез болыпты. Ағаш басындағы бал арасына тамсанып, аузынан сілекейі шұбырып, жегісі келіпті. Аю ағаш басына өрмелеп, ұяға жақындағанда, ілініп тұрған ауыр бөрене оған кедергі жасапты. Балға ұмтылған ол бөренені итеріп жібереді. Ары серпілген ауыр бөрене өз салмағымен қайта оралып, аюдың басына сарт ете қалады. Қара күшке сенген ожар аю ашуланып, бөренені одан бетер қатты итереді. Өз салмағымен қайта оралған бөрене аюдың басына тағы да сарт етеді. Аюдың құлағы шыңылдап, басы айналады. Бұған ызаланған аю күшімен бөренені үшінші рет итеріп жібергенде, қайта оралған бөрене аюдың басын жаралап, ағаштан ұшырып түсіріпті. 7.Аюға балды жеуге не кедергі болды?

Frage 8

8.Бөрене неге аюдың басына сарт ете қалды?

Frage 9

9.Орманды аралап келе жатқан аю неге тап болды?

Frage 10

10.Ызаланған аю күшімен бөренені нешінші рет итеріп жібергенде, ұшырып түсіреді?

Wird geladen…

Ähnliche Tests

Loading...

Комментарии

Пожалуйста, войдите в систему, чтобы оставить комментарий Войти
Еще нет комментариев. Будьте первым, кто оставит комментарий!
{{ comment.author.name }}
Gelöscht {{ formatDate(comment.createdAt) }}
Dieser Kommentar wurde gelöscht

{{ comment.content }}

{{ reply.author.name }}
Gelöscht {{ formatDate(reply.createdAt) }}
Dieser Kommentar wurde gelöscht

{{ reply.content }}