Байлық
Бұрынғы өткен заманда бір дана кісі өлерінің алдында жалғыз қалып бара жатқан баласына : « Шырағым,жер астына көмген көп қазынам бар, соны қазып алсаң , қарның аш болмас, киімсіз болмассың»-депті.Әкесі өлген соң жетім баласы үйдің айналасындағы жерді ертеңді-кеш еңбек етіп қазады, көп машықтанады, бірақ әкесі айтқан қазынаны таба алмайды.
Басы дал болып, шаршап шалдығып , ақырында бір көп жасап, көп көрген данышпан қарияға келеді. Әкесінің насихатын , өзінің көп әуре болғанын баяндайды,ақыл сұрайды.
Балам, сен әкеңнің өсиетін түсінбеген екенсің, оның мәнісі былай: әкең саған мирасқа жер қалдырыпты, сол жерді күшің жеткенше күтіп,егін егіп, күзде тұқым шашып еңбек етсең уақытында өнімін төкпей- шашпай жиып алсаң, сонда сен байлықтың астында қаласың, аш та, жалаңаш та болмайсың. Байлық – жерде, еңбекте ,- депті қария.
Сонда бала басын қасып, әкесінің өзіне айтқан өсиетін енді ғана түсініп, оны орындауға кіріскен екен.
Комментарии
{{ comment.author.name }}
{{ comment.content }}
{{ reply.author.name }}
{{ reply.content }}