Вопросов: 28, прохождений: 8
Автобустағы жолаушылардың орташа жасы 42-ге тең. Автобусқа тағы бір адам кіргенде, жолаушылардың орташа жасы 43 болды. Егер бастапқыда жолаушылар саны 26 болса, соңғы кірген адамның жасын анықтаңыз.
Суреттегі сұрақ белгісінің орнындағы санды анықтаңыз. (Есептеу блок-схема бойынша жүргізіледі).
Алтын мен күмістен құралған әшекей бұйымның құрамында 22 г алтын бар. Бұл бұйымға 15 г күміс қосылып, қайта балқытылды. Осыдан шыққан жаңа қоспаның құрамында күміс үлесі 45% болды. Алғашқы әшекей бұйымының массасын табыңыз.
1 кг картоптың ескі бағасы 300 тг еді. Картоптың жаңа бағасы оның ескі бағасына қарағанда 75%-ға қымбаттаған болса, онда 50 кг картоптың жаңа бағасы ескі бағасынан қанша теңгеге артық екенін табыңыз.
Суретте радиусы 32 болатын шеңбер пішінді гүлзар берілген. Гүлзар жарты шеңберлермен екіге бөлінген. Гүлзарды бөлу сызығының ұзындығын табыңыз.
Кестеде Аяужанның базардан сатып алған көкөністері туралы ақпарат берілген. Оның 1 кг көкөніске жұмсаған орташа қаражатын табыңыз.
Суретте шеңбер дұрыс алтыбұрышқа іштей сызылған. Суреттегі боялған бөліктің ауданын табыңыз. п=3 тубир асты3=1,7
Берілген фигура 4 бірдей тіктөртбұрыштардан жасалған және периметрлері берілген. Фигураның периметрін табыңыз.
8АВ үш таңбалы саны АВ екі таңбалы санынан 33 есе артық. А+В мәнін табыңыз.
Шарлар үшбұрыш түрінде орналастырылған. Бірінші қатарда 1 шар, екінші қатарда 2 шар, үшінші қатарда 3 шар және т.с.с. Егер барлық шарлардың саны 946-ге тең болса, соңғы үш қатардағы шарлардың қосындысын табыңыз.
Гистограммада дүкенде сатылған сулардың саны көрсетілген. «Тассай» мен «Әсем-ай» суларының жалпы саны «Асу» мен «Сарыағаш» суларының жалпы санынан қанша пайызға артық сатылғанын табыңыз. (Гистограмма мәліметтері: Асу = 5, Тассай = 4, Әсем-ай = 6, Сарыағаш = 3)
Өзен ағысының жылдамдығы 2 км/сағ. Төмендегі кестеде катердің ағысқа қарсы жүрген жолының уақытқа тәуелділігі көрсетілген. Катердің меншікті жылдамдығын табыңыз.Кесте мәліметтері: t (сағат): 1 | 2 | 3 S (километр): 6 | 12 | 18
Дене А нүктесінен В-ға қарай бірқалыпты қозғалып барады. Егер 9 <_х<_12болса,y-тің қандай мән қабылдайтынын табыңыз.
Арман 80 см адымымен мектепке дейін 500 адым жасап иеді (жетеді), ал інісі Исанаттың адымы Арман адымының 2/3-не тең, олай болса Жанат мектепке дейін жасалайтын адым саны.
Екі дос Әнуар мен Мансұр жақтары 1-ден 6-ға дейін нөмірленген текшені (ойын сүйегін) алып кезекпен лақтыра бастады. Егер әрқайсысы бір ойын сүйегін қатар лақтырғанда, бетіндегі сандардың қосындысы 5-ке бөлінсе – Мансұр жеңеді, бөлінбесе – Әнуар жеңеді. Әнуардың жеңу ықтималдығын табыңыз.
Тең қабырғалы үшбұрыштардан құралған трапецияның ауданы 72 см²-ға тең. Тең қабырғалы үшбұрыштың ауданының жартысын табыңыз.
Аквариум жасауға арналған 1,5 м × 1 м өлшемді бір шынының бағасы 20000 тг. Өлшемдері суретте берілген беті ашық шыны аквариумды жасауға қанша қаражат жұмсалатынын табыңыз.
Ойын сүйегін лақтырғанда түскен ұпай санының 7-ден кем болу ықтималдығын табыңыз.
Қосындысы 18-ге тең болатын, тізбектес үш натурал санның көбейтіндісін табыңыз.
Зауытта жасалған тетіктердің 2%-ы жарамсыз болып табылады. Зауытта жасалған 400 тетіктен кездейсоқ алынған бір тетіктің жарамсыз болу ықтималдығын табыңыз.
Суреттегідей өлшемдері 5 см, 3 см, 4 см болатын тікбұрышты параллелепипед пішінді үлкен металл бұйымнан өлшемі 2 см, 1 см, 1 см кіші тікбұрышты параллелепипед кесіп алынды. Пайда болған дененің толық бетінің ауданын табыңыз.
Заңдылықты сақтай отырып, бос ұяшықтарды толтыру үшін қажетті сандардың өсу ретімен жазылуын табыңыз.
: Суретте шағын автобус орындықтарының сызбасы көрсетілген. Х символымен бос емес орындар белгіленген. Автобусқа жаңа жолаушы отырды. Оның жұп нөмірлі орынға отыру ықтималдығын табыңыз.
Шаруа қожалығының егістік алқабы зиянкестерге тап болды. Осы алқаптан алты есе үлкен алқапты екі дронмен өңдегенде кететін уақытты табыңыз. («Бүркіт» дроны 3 күнде, ал «Қыран» дроны 6 күнде бітіреді).
Ұзындығы 5 м, ені 4 м болатын бөлменің еденіне ұзындығы 120 см, ені 12 см өлшемдегі ламинат төсеу керек. Бір қорабында 8 дана болатын ламинаттың неше қорабы қажет болатынын анықтаңыз (ламинат қораппен ғана сатылады).
3; 7; 11; ?; 18 сандары берілген болса, сұрақ белгісінің орнына қандай санды қойғанда арифметикалық ортасы 9-ға тең болатынын табыңыз.
Суретте берілген әр шамдағы сұйықтықтардың неше проценті боялғанын анықтаңыз. Шамдардың нөмірін проценттің кему ретімен жазыңыз.
Қостанай мен Павлодар қаласының арақашықтығы 1350 км. Асхат автокөлігімен Қостанай қаласынан сағат 06:30-ды көрсетіп тұрғанда Павлодар қаласына қарай жолға шықты. Оның осы жолдағы орташа жылдамдығы 108 км/сағ болды. Асхат Павлодар қаласына жеткен кезде сағат нешені көрсетіп тұрғанын табыңыз.