1 нұсқа Қазақ тілі пәнінен тест тапсырмалары
Синтаксис
8-сынып
1. Дара бастауышы бар сөйлемді белгілеңіз.
-
A) Талаптыға нұр жауар.
-
B) Еңбек түбі – береке.
-
C) Үш салт атты жүріп келеді.
-
D) Шу өңірі өнімді мол береді.
-
E) Сегіз қырлы, бір сырлы.
2. Жасырын тұрған бастауышы бар сөйлемді белгілеңіз.
-
A) Ол жығылып қалды.
-
B) Табиғат – біздің досымыз.
-
C) Марат күліп жіберді.
-
D) Еңбек етсең, есейерсің.
-
E) Ол тыңдағанды жақсы көреді.
3. Бастауыш қай сөз табынан екенін анықтаңыз.
Кейбіреулері сәл тоқтады.
-
A) Зат есім.
-
B) Сын есім.
-
C) Есімдік.
-
D) Етістік.
-
E) Одағай.
4. Үйірлі бастауышты табыңыз.
-
A) Омар және Арман қырман басында жүр
-
B) Күле беру – ыңғайсыз.
-
C) Жұмысы жоқтық аздырар адам баласың.
-
D) Өзіміз де жүргелі отырмыз.
-
E) Тыңдау – мәдениеттілік белгісі.
5. Үйірлі бастауышты көрсетіңіз.
-
A) Омар және Арман қырман басында жүр.
-
B) Күле беру – ыңғайсыз.
-
C) Билеті барлар орындарына жайғасты.
-
D) Өзіміз де жүргелі отырмыз.
-
E) Тыңдау – мәдениеттілік белгісі.
6. Тек тұрлаулы мүшелерден тұрған сөйлемді белгілеңіз.
-
A) Атың әдемі екен.
-
B) Оның өзі шеткерірек тұр екен.
-
C) Көп ұзамай жауын басылды.
-
D) Өңі алабұрта күрең тартқан.
-
E) Бүгін сабақта Әмір жоқ.
7. Үйірлі баяндауышты белгілеңіз.
Есті адамдарда бар қасиет – уайым жеу.
-
A) Есті.
-
B) Адамдарда.
-
C) Бар.
-
D) Қасиет.
-
E) Уайым жеу.
8. Зат есімнен болған баяндауышты көрсетіңіз.
Сендер өмірдегі ең бақытты адамсыңдар.
-
A) Сендер.
-
B) Өмірдегі.
-
C) Ең.
-
D) Бақытты.
-
E) Адамсыңдар.
9. Бастауыш пен баяндауыштың арасына қойылған сызықшаны белгілеңіз.
-
A) Еңбек - өмір рахаты.
-
B) Олар бір-бірлеп келе бастады.
-
C) Үйде екі-ақ адам отыр
-
D) Телефон-автомат бұзылып қалыпты.
-
E) Ол мәселені шешіп кетті.
10. Анықтауыш қатысып тұрған сөйлемді табыңыз.
-
A) Білімдіден шыққан сөз талаптыға болсын кез.
-
B) Іздеген жетер мұратқа.
-
C) Тау жақтан баяу жел еседі.
-
D) Әбіштен келген екен.
-
E) Жауын сіркіреп тұр екен.
11. Толықтауыш қатысып тұрған сөйлемді белгілеңіз.
-
A) Сәуле кеше келді.
-
B) Алатау - әсемдіктің символы.
-
C) Ол шешесіне хат жазды.
-
D) Сымбат – үлгілі қыз.
-
E) Баласы тиянақты екен.
12. Пысықтауыш қатысып тұрған сөйлемді анықтаңыз.
-
A) Асқар тауды кеуделеп жүріп келеміз
-
B) Жас мұраты – білім.
-
C) Ауыл ақсақалы жастарға алғыс айтты.
-
D) Омар жолдасымен кездесті.
-
E) Тақырыбы дұрыс емес.
13. Оңашаланған айқындауышы бар сөйлемді табыңыз.
-
A) Отарбай, жас мұғалім, сабақты жақсы өткізді.
-
B) Оспан – Амангелді батырдың жолдасы.
-
C) Бұл жорыққа Барақ батыр қатысады.
-
D) Қаз дауысты Қазыбек би – орта жүздің биі.
-
E) Абылай хан – үш жүзді біріктірген хан.
14. Оңашаланған айқындауышы бар сөйлемді белгілеңіз.
-
A) Уақыт біз үшін, еңбек адамдары үшін, істейді.
-
B) Айқындық – сөздің басты артықшылығы.
-
C) Бұл жорыққа Барақ батыр қатысады.
-
D) Қаз дауысты Қазыбек би – орта жүздің биі.
-
E) Абайдың терең мәнді бейнелі сөздері ел ішінде мақал болып кеткен.
15. Бірыңғай мүшелі сөйлемді белгілеңіз.
-
A) Мен сендерге көргенімді айтамын.
-
B) Жел соқпай, құс шуламай – бәрі жым-жырт.
-
C) Тыңда, дала, Жамбылды.
-
D) Дүниеде, сірә, сендей жар жоқ маған.
-
E) Дариға, домбырамды берші маған.
16. Жақсыз сөйлемді табыңыз.
-
A) Ауылдың малы өсті.
-
B) Асан ұйықтап қалды.
-
C) Досанның тауға барғысы келді.
-
D) Бұл - үлкен сыйлық.
-
E) Ермек өте жақсы оқиды.
17. Сөйлемдер ішінен жақсыз сөйлемді табыңыз.
-
A) Мен оны тыңдадым.
-
B) Сен оны ұнатпайсың.
-
C) Менің тыңдағым келеді.
-
D) Көп оқисың.
-
E) Емтиханға барамын.
18. Жақсыз сөйлемді табыңыз.
-
A) Менің оқуға түсуім керек
-
B) Ұлжан ойлана қарап отыр.
-
C) Асан әдемі.
-
D) Олар келді.
-
E) Айнаш күлді.
19. Сөйлемдер ішінен жақсыз сөйлемді белгілеңіз.
-
A) Мен елдің жіберген емшісімін.
-
B) Ол еш уақытта қуанған емес.
-
C) Кімнің кетіп жатқанын біліп болмайды.
-
D) Ораз отыр.
-
E) Бақыт кеше келді.
20. Жақсыз сөйлемді анықтаңыз.
-
A) Сәуле кешікті.
-
B) Алтын асылдығымен қымбат.
-
C) Алматы көркеюде.
-
D) Ұялмас бетке талмас жақ беру керек.
-
E) Көп тыңда, аз сөйле.