Оқу сауаттылығы
                
                
                    Байлық
Бұрынғы өткен заманда  бір дана кісі  өлерінің алдында  жалғыз қалып  бара жатқан  баласына : « Шырағым,жер астына көмген  көп  қазынам бар, соны  қазып алсаң , қарның аш болмас, киімсіз  болмассың»-депті.Әкесі өлген соң жетім баласы  үйдің айналасындағы  жерді  ертеңді-кеш еңбек етіп қазады, көп машықтанады,  бірақ әкесі айтқан қазынаны  таба алмайды. 
      Басы  дал болып, шаршап  шалдығып , ақырында бір көп  жасап, көп  көрген  данышпан қарияға келеді.  Әкесінің  насихатын , өзінің  көп  әуре   болғанын баяндайды,ақыл сұрайды. 
Балам, сен әкеңнің  өсиетін түсінбеген екенсің, оның мәнісі былай: әкең саған мирасқа  жер қалдырыпты, сол жерді күшің  жеткенше күтіп,егін егіп, күзде тұқым шашып  еңбек етсең  уақытында   өнімін  төкпей- шашпай  жиып алсаң, сонда сен байлықтың астында  қаласың, аш та, жалаңаш та  болмайсың. Байлық – жерде, еңбекте ,- депті  қария.
Сонда  бала  басын  қасып, әкесінің  өзіне  айтқан өсиетін  енді  ғана  түсініп, оны  орындауға кіріскен екен.
                
                                     1. 1)	Әкесінің қалдырғаны  қандай  байлық?
                    
                                                    - 
                                А) жер   
                            
- 
                                В)  тұқым
                            
- 
                                С)алтын
                            
- 
                                Д)өнер-білім
                            
 2. 2)	Дана кісі  өлерінде баласына не айтты?
                    
                                                    - 
                                А)    өсек
                            
- 
                                В)  өсиет 
                            
- 
                                С)әңгіме
                            
- 
                                Д)  жұбату